Новости
«Ата Заңым – Тәуелсіз Таң, нұрлы үміт»
- Подробности
- 11
2024 жылғы 28 тамыз күні Конситутция күніне орай «Кәмпит» жазғы демалыс лагерінде «Ата Заңым – Тәуелсіз Таң, нұрлы үміт» айстоппер өткізілді.
Ата заңымызды құрметтеуге бағытталған шарада еліміздің басты құжаты Ата Заң туралы ақпараттар берілді.
Оқырмандар назарына «Ата заңым- Әділетті тұғырым» кітап көрмесі ұсынылып, конституция туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.


«Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз»
- Подробности
- 16
2024 жылғы 22 тамыз күні №49 «Думан» балабақшасының «Ақбота» және «Күнбағыс» мектепалды даярлық топтарының балаларының қатысуымен «Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз» жазғы оқу жобасы аясында шара өткізілді. Жас бүлдіршін оқырмандарымыз кітапхана ережелерімен танысты.
Шарада «Есте сақта, балақай!» сергіту сәтінде кітаптардың түсін айыру арқылы, қай ертегілердің қандай қітапта екенін таба білді, сонымен бірге интерактивті қуыршақ театры қойылымнан үзінділер көрсетілді.


«Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз»
- Подробности
- 15
15 тамыз күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының «Алма» мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз» жазғы оқу жобасы аясында шара өткізілді.
Сергіту сәті ретінде жасалған «Қимылды көрсет» ойыны арқылы балалардың көңіл -күйі көтеріліп, «Не артық?», «Сәйкесін тап!» ойындары арқылы тапқырлық пен шапшаңдықтары сыналды. Балаларға жас ерекшеліктері бойынша түрлі танымдық кітаптар ұсынылды.


«Оқитын дос іздеймін!»
- Подробности
- 16
2024 жылғы 15 тамыз күні «Оқитын дос іздеймін!» жазғы оқу жобасы аясындағы жұмыстар "Кәмпит" жазғы демалыс лагерінде жалғастырылды.
Лагерь демалушыларына жаңа әдебиеттер таныстырылып, қызықты ойындар арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын оятты.


«Абай – ұрпақ жүрегінде»
- Подробности
- 17
2024 жылдың 9 тамыз күні облыстық планетарийде «Абай – ұрпақ жүрегінде» поэзия кеші ұйымдастырылды.
Шараға кітапхана библиографы Рыскул Төлепбергенова «Абай тағылымы – мәңгілік азық» кітап көрмесін жасақтап, библиографиялық шолу жасады.

«Ұлы Абай ұлағаты»
- Подробности
- 14
2024 жылдың 8 тамыз күні «Сәулелі білім» оқу орталығында Абай күніне арналған «Ұлы Абай ұлағаты» әдеби кеші өткізілді.
Кеш барысында оқырмандарымыз бас ақынның әдеби мұрасымен танысты.
Балалар ұлы ақынның шығармашылығы бойынша «40 мысал», «Қара сөздер», «Ақиқат-Жалған», «Жас абайтанушы» айдарларынан құралған сұрақ-жауап ойынында бақ сынасты. Абайдың өлеңдері жатқа оқылып, «Көзімнің қарасы» әнін шырқалды.
«Ұлы Абай ұлағаты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.





.png)
