Новости
«Ертегім неткен, мұратына жеткен»
- Подробности
- 8
2024 жылғы 28 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Ертегім неткен, мұратына жеткен» тақырыбында сахналық көрініс өткізілді. №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері Ы.Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін, №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның 3 класс оқушылары «Алдаркөсенің хикаялары» ертегілер желісінен, №73 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 3 класс оқушылары «Айлакер түлкі мен адал қоян» ертегісі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Шараның басты мақсаты қазақ халқының бала тәрбиесінде ерекше орын алатын ертегі жанры арқылы балаларды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу, озық ойлы, қиялы жүйрік болуға баулу.
«Ертегілер әлемінде» кітап көрмесі ұсынылып, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптар оның ішінде бүлдіршіндерге арналған «Буынға бөліп оқимыз», «Ата-анамен оқимыз», «Өзіміз оқимыз» серияларының ертегі кітаптары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.






«Тарихтан тамшы сыр»
- Подробности
- 7
2024 жылғы 27 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 67 орта мектебінде «Оқитын дос іздеймін!» оқу жобасы аясында «Тарихтан тамшы сыр» көңілді-әдеби ойын ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – балалардың оқу мәдениетін, кітапхананың ақпараттық-көпшілік жұмыстарының белсенділігін арттыру, адамгершілік, рухани, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Оқырмандардар «Асу», «Өнер алды қызыл тіл», «Көнерген сөзді жасыру», «Тұлғалар», «Салт-дәстүрлер сөйлейді» туралы кезеңдерден тұратын сайыста өзара жарысып, тартысты ойын үлгісін көрсетті.
Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға ұсынылды.






Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі
- Подробности
- 10
2024 жылғы 25 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясына орай ұйымдастырылған «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» отбасы құндылықтарын дәріптейтін шығармаларды талдау барысында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша ойталқы өткізілді. Шараға №73 Мұқағали Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінінің мұғалімі Жуманова Шынар қатысып даңқты қолбасшы, қарымды қаламгердің балалық шағынан үзік сыр шертті. Оқырмандарға қазақ ұлтының салт-дәстүрін, жол-жоралғыларын қайта дәріптеуді насихаттады.
Сондай-ақ № 62 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 класс оқушылары белсене қатысып,пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.
«Даланың дархан данасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.









«Курить больше не захочется!»
- Подробности
- 8
2024 жылғы 21 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының бағдарламасы бойынша № 11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 7 класс оқушыларымен «Курить больше не захочется!» тақырыбында танымдық-зияткерлік шарасы өтті.
Шара қонағы – №2 қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Сәндібекова Ақбота Бақытбекқызы жасөспірімдерге шылым шегудің зияны туралы толық ақпарат беріп, салауатты өмір салтын сақтауға кеңес берді.
Оқырмандар шылым шегудің зияны туралы бейнебаян тамашалап, зияткерлік ойын кезеңдерінен өтіп, көңілді жаттығу жасап, өздері дайындап келген «Курить-здоровью вредить!» атты сахналық қойылымын көрсетті.
Оқырмандар назарына «Без табака прекрасна жизнь – от сигареты откажись!» кітап көрмесі ұсынылды.






«Кішкентай баланың үлкен құқықтары»
- Подробности
- 5
Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Кішкентай баланың үлкен құқықтары» құқық сағаты өткізілді.
Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы біліп, Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де , ізденімпаз болуға бағытталған шараға Ақтөбе қалалық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Ахметова Айя Серікқызы қонақ болып, тақырыпқа байланысты ой – пікірін білдіріп, өзінің де өзегенің де құқығын бұзбайтын тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды ұл –қыздарын ортақ мақсаттарға бірге жетуге шақырды.
Сондай-ақ № 8 орта мектебінің 5 сынып оқушыларына шағын дәріс өткізіліп «Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты ойын ойнатылды.
Оқырмандарға «Өз құқығынды біл, өзіңді қорға!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.






«Еріктілер – ізгіліктің елшісі»
- Подробности
- 8
«АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Еріктілер – ізгіліктің елшісі» еріктілермен сыр-сұхбат өткізді.
Шара қонақтары «Жұбанов Жылуы» волонтерлар қозғалысының жетекшісі Еркеназ Әлібекқызы Әлібек, «Бір қадам» еріктілер тобы жетекшісі Жанерке Аманқызы Мирашева қазақтың қанында бар қасиет ұрпақтың жадынан ешқашан өшпейтінін, қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі екенін айтып, ерікті болу арқылы ортаңызды кеңейтуге, жаңа достар табуға, өзгенің алғысына бөлену деп, жастарды жақсылық жаасауға шақырды.
Оқырмандарға адам жанын ізгілікке тәрбиелеу, тазалыққа баулу сияқты қасиеттерді насихаттайтын халықтың көне дастандары, ертегі-аңыздары, ауыз әдебиеті мен бірге қазақ қаламгерлерінің шығармалары ұсынылды.









.png)
