Новости
«Ел іші – өнер кеніші»
- Подробности
- 17
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Ел іші – өнер кеніші» танымал қолөнершілермен сыр-сұхбат өткізді.
Шараға №38 орта мектебінің еңбек және технология пәні мұғалімі Әлібек Төлепбергенұлы, дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған «Аламан құрақ» жобасына қатысушы жеке кәсіпкер Гүлнар Зинелғабдинқызы Назарбаева мен ақтөбелік құрақшылардың бірі М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының кіші қызметкері Гүлжүзім Нұртазина қатысып, өнердің адам қиялын тербеп, өмірге құштарлығын арттырар құдіретінің бар екенін, жан азығын толықтыруда қазақ өнерінің алар орны туралы әңгімеді.
Оқырмандар назарына өздерінің жасаған қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарын ұсынып, жасалу жолдарының қыр-сырымен бөлісті.





«Биік тұғырдағы талант»
- Подробности
- 17




Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай әдеби танымдық кеш өткізді.
Шара барысында Тобық Жармағамбетов туралы естеліктер айтылып жазушының шығармалары насихатталды.
Оқырмандар назарына «Биік тұғырдағы талант» атты кітап көрмесі ұсынылып, балаларды өлкетану әдебиетімен сусындауға шақырды.
«Отпен жазылған өмірбаян»
- Подробности
- 14
«Оқитын дос іздеймін!» жобасы аясында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының салтанат залында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Отпен жазылған өмірбаян» тағзым сағатын өткізді.
Шара барысында Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы ақпарат берілді, «Рейхстагқа ту тіккен қазақ» атты бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Байрақты жауынгер» квизінен өтіп, ерлік туралы мақал- мәтелдер айтып, «Мерген» сайысында жарысты.
Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрмесі ұсынылды.




«Берекелі, мерекелі – Алтын күз!»
- Подробности
- 17
Бүгін «Болашақ мұра» қоғамдық бірлестігінде «Берекелі, мерекелі – Алтын күз!» атты әдеби қонақжай ұйымдастырылды.
Балаларға «Жайдары күз, жарқын күз» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Менің бақшам» ойыны ұсынылды.
Кітапхана ұжымының атынан балаларға тәтті жемістер мен сыйлықтар таратылды.
Шарада №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары Қайрат Мадияр «Секіртпе» күйін тартып, Жеңісбек Арайлым «Балалық шақ» әнін орындап балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


«Қазақстанда мекендейтін алып жануарлар»
- Подробности
- 16
М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектебінің 3 класс оқушылары, «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері «Қазақстанда мекендейтін алып жануарлар» атты виртуалды кітабымен қызықты саяхат жасады.
Балалар «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» виртуалды кітап арқылы көне замандағы жыртқыш тиранозавр, алып-мамонт пен мүйізтұмсықтың тіршілігімен танысып, ғажайып кезенді көз алдарына келтірді.


«Бақытым да, байлығым да – денсаулық!»
- Подробности
- 15
2024 жылғы 27 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында №11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 7 класс оқушыларымен «Бақытым да, байлығым да – денсаулық!» атты денсаулық жәрмеңкесін өткізді.
Шара барысында клубқа жаңа мүшелер қабылданып, клубтың бағдарламасы мен қызметі таныстырылды. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат беріліп, бейне фильмдер көрсетілді. Денсаулық жәрмеңкесіне арналған қызықты квиз, денсаулық викторинасы мен спортық-көңілді мини-баскетбол ойыны өткізіліп, салауаттылық жаттығуы жасалды.
Оқырмандар назарына «Дені сау ұрпақ-салауатты өмірдің жалғасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.





.png)
