Жаңалықтар
«Дара жол» өнер сағаты
- Подробности
- 3




Ұлттық кітап және кітапханашылар күні апталығы аясындағы «Кітап – достық амбасадоры» күнінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында композитор Ілия Жақановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Дара жол» атты өнер сағаты өтті. Шара барысында Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіліп, зерттеулері мен қазақ музыкасына әдемі үн берген бірнеше туындылары атап көрсетілді.
Шара барысында есімі қазаққа сазды әуенімен танылған дарын иесі Ілия Жақанов пен бірнеше әуендердің шығуына себеп болған жұбайы Тиыш Әлтайқызының сұхбаттарынан бейне үзік көрсетілді.
Өнер сағатына қатысқан М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицей интернатының оқушылары мен кітапхана оқырмандары «Таңдаулы 100 кітап» жобасы аясында «тұлғаларды таны» интеллектуалды ойынында белсенділік танытып, шығармашылық тапсырмаларды бірге орындады.
Кеш қонағы Мәдениет саласының үздігі, Облыстық Халық шығармашылығы орталығының жанында құрылған «Әдеп» тобының халықтық әншісі Қуанышгүл Ғалымқызы Серікбаева әннен шашу шашты.
Оқырмандар назарына «Өнер ізгілікке үндейді» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.
«Ағаштарда ән салады»
- Подробности
- 2




Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталық аясында 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай «Ағаштарда ән салады» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Аталған шараға №52 негізгі орта мектебінің 3-сынып оқушылары белсене қатысып, табиғаттың тылсым сырларымен танысты.
Ұрпақ санасына Жер-Анаға деген сүйіспеншілікті сіңіру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын ұғындыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен танымдық сағатта оқушылар табиғат байлықтарының қадірін түсініп, ағаштар мен өсімдіктердің адам өміріндегі ерекше рөлі туралы қызықты мәліметтер алды.
Шара барысында балаларға табиғатты аялау, ағаш отырғызу, қоршаған ортаны ластамау сияқты қарапайым, бірақ маңызды әрекеттердің мәні кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар табиғатқа байланысты жұмбақтар шешіп, түрлі танымдық ойындарға қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Әсіресе «Ағаштарда ән салады» тақырыбы аясында табиғаттың сұлулығы мен тыныс-тіршілігі ерекше әсерлі түрде баяндалды.
Оқырмандар назарына «Жеріңді Аяла, Адамзат»атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.
«Ар мен рухты ту еткен»
- Подробности
- 2


Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталық аясындағы «Кітап.Тарих.Шежіре» күнінде жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ар мен рухты ту еткен» әдеби кеші өтті.
Әдеби кешке қатысушы кітапхана оқырмандары Қабдеш Жұмаділовтың шығармаларынан үзінділер оқып, кейіпкерлер әлеміне терең бойлады, әдеби викториналар ұйымдастырылып, қатысушылардың таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берілді. «Тағдыр» романымен танысып, романның мәні мен мағынасын терең ұғыну мақсатында «Ұлт тағдыры мен жазушы шындығы» атты тапсырмалар орындалды.
Оқырмандарға «Дәуірден сыр шерткен…» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, жазушының «Соңғы көш», «Дарабоз», «Таңғажайып дүние», «Қаздар қайтып барады» сынды шығармаларының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екені атап өтілді. Айта кету керек, Қабдеш Жұмаділовтың шығармалары «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалып, ұлттық әдебиетті ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналып отыр. Бұл бастама қаламгер мұрасын кеңінен танытып, ел руханиятын асқақтата түсуге жол ашуда.
«Бір үйде төртеу тұрамыз: Өзім, Ар, Шындық, Арман» poetry time
- Подробности
- 2




Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне арналған апталық аясындағы «Кітапхана түні» акциясында балалар жазушысы әрі ақын Қастек Баянбайдың туғанына 90 жыл толуына орай «Бір үйде төртеу тұрамыз: Өзім, Ар, Шындық, Арман» poetry time өткізді.
№37 орта мектеп оқушылары мен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің шәкірттері және іс-шараға келуші оқырмандар қазақ балалар әдебиетінде өзіндік орны бар жазушының өмір жолы және шығармашылығымен танысты. Ақынның жұмбақтарын шешіп, жаңылтпаштарын жатқа айтып, өзара сайысқа түсті.
Сондай-ақ, қатысушылар төрт топқа бөлініп, ақынның «Бір үйде төртеу тұрамыз: «Өзім, Ар, Шындық және Арман» атты өлеңін талдап, оның мән-мағынасын ашты.
Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің шәкірттері: Серікбаева Зере, Болат Сандуғаш, Сатубалдин Мансұр, Кенжегалиев Саид ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге поэзиялық көңіл-күй сыйлады.
Оқырмандарға «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі таныстырылып, белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
«ОйLab» әдеби-танымдық ойын
- Подробности
- 4


Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталық аясындағы «Weekend. Book.Vibes» күнінде «ОйLab» атты әдеби-танымдық ойын ұйымдастырылды.
Оқырмандардың демалыс күнін тиімді әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасап, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру, кітаппен байланысын нығайту мақсатында өткен шара барысында балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі зияткерлік және логикалық ойындар өткізілді. Қатысушылар «Сен білесің бе?», «Тұлғаны таны» секілді танымдық сайыстарда білімдерін сынап, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтел айтып, өзара бақ сынасты.
Ойын барысында оқырмандар тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын, ойлау қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты.
«ОйLab» әдеби ойыны балаларға кітапхананың тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар білім мен шығармашылықтың, қызықты демалыстың орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Әдеби кемпірқосақ» кітап көрмесі
- Подробности
- 3



Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталықтың ашылу салтанатында оқырмандар назарына «Әдеби кемпірқосақ» атты мазмұнды кітап көрмесінің таныстырылымы ұсынылды.
Кітап пен оқырман арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған, әдебиет пен мәдениетті ұлықтайтын, оқырман қауымды ортақ рухани кеңістікке тоғыстыруды мақсат еткен кітап апталығының ашылуындағы бұл көрме кітапхана қорындағы түрлі жанрдағы әдебиеттерді таныстырумен қатар, келушілерге өз талғамына сай туындыларды таңдауға мүмкіндік берді. Көрмедегі әр кітап сөресі кемпірқосақтың бояуларындай әртүрлі жанр мен мазмұнды біріктіріп, оқырманды рухани әлемнің сан қырлы бояуымен қауыштырды.
Сонымен қатар оқырмандарға әдеби ойындар, викториналық сұрақтар, қызықты квиздер мен кітап кейіпкерлерін тану тапсырмалары ұйымдастырылды. Апталық аясында әр күнге жоспарланған іс-шаралар мазмұны таныстырылып, оқырмандар апталық бағдарламасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
«Әрқашан бірге, әрқашан алда!» атты денсаулық эстафетасы
- Подробности
- 3


«Позитив» салауатты өмір салтын насихаттайтын клубының отырысы аясында №11 Жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 7 «д» сынып оқушыларымен «Әрқашан бірге, әрқашан алда!» атты денсаулық эстафетасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Іс-шара мектептің спорт залында өтті. Мұнда «Найзағай», «Энергия» және «Чемпиондар» атты үш команданың ойыншылары «Жылдам спортшы», «Денсаулық секірісі», «Мерген ойыншы», «Пайдалы-зиянды», «Командалық жылан», «Әріпті қуу» сияқты спорттық тапсырмаларда сайысып, «Салауатты өмір салты» атты викторинаға қатысты. Денсаулық эстафетасының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал «Позитив» клубының ең белсенді мүшелері грамоталармен марапатталды.
Оқырмандар назарына «Денсаулық сырлары» атты кітап көрмесі ұсынылды.
«Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ» сұхбат алаңы
- Подробности
- 3


№56 жалпы білім беретін орта мектебінде 12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне орай «Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ» атты сұхбат алаңын өткізді.
Шара барысында мектеп жанынан ашылған робототехника үйірмесінің оқушылары өздері жасаған роботтарымен таныстырып, робот құрастыру жұмыстарының үлгілерін көрсетті.
Оқушыларға «Ғылымның ғажайып ғаламы» атты кітапхана қорындағы ғылым мен ғалымдарға қатысты кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар қазақ және әлем ғалымдарының өмірі мен еңбек жолы туралы мәлімет алды.
Атап айтқанда, қазақ ғылымын әлемдік деңгейге көтерген ғалым, геолог Қаныш Имантайұлы Сәтпаев және қазақтан шыққан әйгілі дәрігер Халел Досмұхамедұлы, сондай-ақ әлемге танымал ғалымдар Альберт Эйнштейн мен Исаак Ньютон туралы өз білімдерімен бөлісті.
Шара соңында «Ғылым көгінде-даналық сөз» атты мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойыны ұйымдастырылды.
«Ғарыш – болашақтың бағыты» танымдық сағат
- Подробности
- 3


12 сәуір – Халықаралық адамның ғарышқа алғаш ұшқан күніне орай «Ғарыш – болашақтың бағыты» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Оқырмандарды ғарыш әлемімен таныстырып, ғарышкерлердің еңбегі мен ерлігі туралы мағлұмат беріп, ғылым мен техникаға қызығушылықтарын арттыруға бағытталған шарада №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары Ақтөбе облыстық планетариясында ғарыш әлеміне саяхат жасады. Танымдық экскурсия барысында оқушылар жұлдыздар мен ғаламшарлар әлемімен танысып, ғарыштың тылсым құпияларын білді. Планетарийдегі қызықты бағдарлама балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар, «Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтің өмірі мен еңбек жолдары туралы кітаптар, сондай-ақ ғарыш техникасының дамуы мен ғарыш әлеміне қатысты танымдық әдебиеттер ұсынылды. Бұдан бөлек, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларға шолу жасалды.
«Жүрекке жеткен жусан иісі» әдеби талдау
- Подробности
- 1


жазушы Сайын Мұратбековтың туғанына 90 жыл толуына орай М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 6 класс оқушыларымен «Жүрекке жеткен жусан иісі» әдеби талдау өткізді.
Жас оқырмандарды жазушы шығармашылығымен тереңірек таныстыру, олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және талдау қабілеттерін дамытуға бағытталған шарада оқушылар шығарма мазмұнын жан-жақты талқылап, оның тақырыбы мен идеясын анықтады. Сонымен қатар кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне талдау жасап, өз ой-пікірлерімен еркін бөлісті. Шығарманың композициялық құрылымы қарастырылып, қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, әдеби пікірталасқа белсенді қатысты.
Оқырмандар назарына «Ғибратты ғұмыр иесі» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.




.png)
