Жаңалықтар
2022 жылғы 9 ақпан күні «Сыйласаң - сый көресің» атты әдеп сабағы өтті
- Подробности
- 23
2022 жылғы 9 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ұзақбай Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін мектебінде «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысы «Сыйласаң - сый көресің» тақырыбында әдеп сабағы өтті.
Шара қонағы ардагер ұстаз, өлкетанушы, ақжаулықты әже, ардақты ана Сергалиева Райгүл Ақтөреқызы балаларға татулық, сыйластық, әдептілік туралы әңгімелеп, бабалардан қалған даналық сөздердің құдіретін бағалай білуге шақырды.
Оқушылар Ертай Ашықбаевтың «Әдеппен сөйлеп әдеттен», Абдрахман Асылбектің «Әдепті бала» және т.б. өлеңдер оқыды.
«Сыйластық – тәрбие бастауы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.





2022 жылғы 28 қаңтар күні «Қаламы қанжар, уытты сөздің иесі» портрет кеші өтті
- Подробности
- 30
2022 жылғы 28 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сатирик жазушы Төрежан Мәндібайдың 85 жасқа толу құрметіне арналған «Қаламы қанжар, уытты сөздің иесі» портрет кешін өткізді.
Мақсаты: Төрежан Мәндібайдың шығармашылығын насихаттау, сатира өнерін дәріптеу, оқырманның оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шара қонағы сатирик, актер,ҚР Мәдениет қайраткері және "Екі Езу" әзіл-сықақ театрының директоры, Жүсіпбек Аймауытов атындағы арнайы жүлде иегері Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқан жазушының өмір жолдары, шығармашылығы және сатира жанрының қыр-сыры туралы әңгімелеп берді.





2022 жылғы 26 қаңтар күні «Адам әркез адамдықты ту етсін.!» пікірталас өтті
- Подробности
- 33
2022 жылғы 26 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Адам әркез адамдықты ту етсін.!» пікірталас ұйымдастырды.
Шарада «Адалдық - адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер, адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді және тағы да басқа сұрақтар бойынша оқырмандардың пікірлері тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - кез келген қоғам мен мемлекет үшін ерекше мәселе екендігін түсіндіріп, дүниетанымдарын кеңейтетін дана Абайдың, Шәкәрімнің, асыл ойлары мен өсиеттері , «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», - деп адалдыққа шақырған М.Әуезовтің кітаптарымен қатар, ҚР Заңдары, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылды.










.png)
