Новости

Новости

2024 жылғы 16 мамыр күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Талантымен танылғандар»  тақырыбында кездесу кешін өткізді.

Шараға Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, театр анасы Шалқия Ауғанбайқызы Бақытжанова, «Алақай» қуыршақ театрының актері Әбжет Еламан Манарбекұлы және «Айсын» балалар радиожурналистика мектебінің оқушысы Еркеназ Асхатқызы Калиева қатысты.

        Сұхбат барысында қонақтар өздерінің өнерге қалай келгендігін және сахна сыртындағы қызықтар туралы оқырмандармен бөлісе отырып, театр өнерінің қоғамдық-мәдени маңызын түсіндірді.

Мәдениеттің алғашқы мектебі – қуыршақ театрының актері Еламан Манарбекұлы кішкентай көрерменнің көз алдында әлемді сиқырға айналдырып жіберетін қуыр­шақ жүргізу өнері­нің қыр-сы­­рымен бөлісті.

Еркеназ Калиева балаларға арналған «Айсын» радиосының жұмысы, көркемсөз оқу өнерінде жеткен жетістіктері туралы баяндап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.  

 Өнер саласына қызығушылық танытқан оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.

         Оқырмандар назарына «Өнер ізгілікке үндейді» кітап көрмесі ұсынылды.

8c1e3d32 77e4 43b5 bd3d 2e8519325997a0d85b85 a694 4683 87cf eab2c8d86e5d

Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында  «Оқы және жеңіске жет!» атты сайыс өткізілді. Оған  М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 сынып оқушылары белсене қатысты. Балаларға ең алдымен сергіту сәті ретінде «Секіртпе» ойыны ойнатылып, олармен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды. Сайыстың «Кіл мықтыдан, шын мықты!» кезеңінде оқушылар «Этнокубик» ойыны арқылы есеп жұмбақтардың жауабын тапты. «Ойлы болсаң, озып көр!» кезеңінде сұрақтарға «Дұрыс және бұрыс» ойыны арқылы жауап берді. Ал «Тапқыр болсаң, тауып көр!» кезеңінде оқушылар қазақтың тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндірді. Қызықты, әрі тартысты ойын болып, балалар қонақкәде ретінде күй тартып, мәнерлеп өлең оқыды.

72c3ef9d 75b8 4227 ba2a 8f9768b523e73592aee6 cc47 455f 8d8e 72126fea940c

2024 жылғы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысына  «Кітаппен дос отбасы» сайыс өткізілді.

Сайысқа «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының мүшелері Илеубаевтар, Канапиндер, Серіковтер, Сүйіншбектер отбасылары қатысты.

Шараның мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

1.кезең «Отбасым – мақтанышым». 

2.кезең. «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» 

3.кезең «Ұшқыр ой, ұтымды жауап»    

4.кезең   «Отбасының сүйікті кітабы»

«Бақытты отбасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Көрмеге Н.Құдайбергенұлының  «Даналық әліппесі»  сериясымен шыққан «Халық жыры», «Бесік жыры», «Нақыл сөз», «Халық ертегісі», Отбасы хрестоматиясы «Әлдиден эпосқа дейін», С.Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», З.Ахметованың «Бабалар аманаты», С.Мұқановтың «Халық мұрасы» және тағы басқа  әдебиеттер қойылды.

a022129e 35bd 4d53 8aad 4a34c3af6ad677ddf58e 0251 4965 b6c0 8b2d31a8ef33

2024 жылдың 14 мамырда   патриоттық тәрбие беру мақсатында  Заречный тұрғын алабы мектеп-балабақша кешенінің  4- класс оқушыларымен «Сыбайластық – қоғам дерті» тақырыбында  квиз  өткізілді.

Шара барысында балаларға , жемқорлық  жайында ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.  Оқушылар тақырып бойынша қойылым көрсетті. «Ой жалғау» ойын кезеңінде аяқталмаған сөздің жалғасын тауып, «Литмонтаж»  бөлімінде жемқорлыққа қарсы өлең шумақтарын оқыды.

     «Адал еңбек еткенге,Бақыт басын иеді» атты кітап көрмесі таныстырылды.

8b10cf00 1af8 4091 ab05 3d5ae8c20f0370db4c83 5a34 47af a5c9 c096fe0f5e36

         2024 жылдың 4 мамырында Ғ.Ақтаев атындағы мектеп гимназиясының мәжіліс залында Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың қайсар ұлы» патриоттық  кеш ұйымдастырылды.

         Шара барысында халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың өмірбаяны, ерлігі мен жанқиярлық қызметі туралы терең айтылды. Өткенге хат жазу арқылы қатысушылар Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне алғыстарын білдіріп, тағзым етті.

Жеңіс, Отан туралы патриоттық өлеңдер оқылып, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің оқушысы  Дәулет Әлемби «Егемен ел Қазақстан» атты әнімен шараны аяқтады.

        Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» кітап көрмесі ұсынылды.

        

72af48e6 09d6 4ef7 94b8 517a77bf84de621f8a22 35bc 425e bd10 1b94cf9623dc

2024 жылғы 3 мамыр күні Н.Байғанин  атындығы Облыстық балалар кітапханасы  Заречный тұрғын үй алабы мектеп-балабақшаның  4 класс оқушылыры арасында  Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» әскери-патриоттық сағатын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты келер ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғай білуге, саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар туралы басылымдармен таныстыру, кітап оқуға баулу.

Жас патриоттар Қазақстан қарулы күштерінің тарихымен, әскери қызмет ерекшеліктерімен танысып, болашақ жауынгерлер «Зерек сарбаз», «Әскери барлаушы», «Алғашқы әскери көмек», «Құпия хабарлама» тапсырмаларын орындады.

Отан қорғаушылар күніне жасақталған «Ер – елінің айнасы» кітап көрмесі таныстырылды.

70b09289 f82c 420c b176 1735be4a285bc1b3be84 e0f0 4606 a83d e4f89a5288c6