Новости

Новости

     2022 жылғы 1 шілдеде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Домбыра күніне арналған «Жүрек үнін естіген домбыра» тарих сағатын өткізді. Қазақтың ежелден келе жатқан, ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы домбыра туралы паш етіп,оны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада: киелі де қасиетті домбыраның құндылығы туралы, тарихымызды дәлелдейтін «Көк бөрі», «Ақсақ құлан», «Қорқыт» «Адай» т.б. күйлеріне арқау болған оқиғалардың бәрі де, біздің заманымызға осы құдіретті домбыра арқылы жетіп отырғаны айтылды. Тәттімбет, Құрманғазы, Дина, Жамбыл, Нұрпейіс, Нұрғисадай қара домбыраның ғұмырын жалғастырған ұлтымыздың біртуар тұлғалары жайында сыр шертілді.

     Оқырмандар назарына  «Қазақтың асыл қазынасы» кітап көрмесі ұсынылды.

1

2

3

     2022 жылғы 24 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  Балалар жылына арналған «KIDS BOOK FEST – 2022» Кітап фестивалі аясында Абай гүлзарында  «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорт алаңын ұйымдастырды.

     Адам өмірінде спорттың маңыздылығын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында өткізілген шарада «Спорт – салауатты өмір бастауы», «Бақытың да, байлығың да – ДЕНСАУЛЫҚ»  кітап көрмелерінде денсаулық пен спорт туралы, қызықты деректер топтамасы  ұсынылып, балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және  спортпен дос болуға шақырды.

     «Тэквондо» спорт түрінің қызыл-қара белбеу иегері Әлішер Бөлеков әрқашан өзіне сенімді, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек екендігін  және жастарды жігерлі, қайратты болуға шақырды.

     Алаңға жиналған балалар ұлттық «Бес асық», «Ханталапай» ойындарын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

     2022 жылғы 21 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №26 «Үміт» балабақшасына жануарлар туралы ертегі бағдарламасымен барды. Балалар «Тапқыр қойлар» ертегісін тыңдап, ертегінің басты кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап берді. «Кейіпкерлермен сырласайық» ойынына қатысып, кітап көрмесінде ұсынылған ертегілермен, 3D панорамалы кітаптармен танысты.

1

2

3

4

5

6

7

     2022 жылғы 21 маусымда "Тілашар"оқу орталығының оқушылары бізге қонаққа келді. Кішкентай балалардың назарына біздің кітап қорынан панорамалық ертегілер ұсынылды. Балалар ғарыш, Жер планетасы, дүниежүзілік мұхит туралы қызықты энциклопедиялармен танысты. Біздің жаңа оқырмандар кітапханамен дос болуға уәде берді.

1

2

3

4

5

6

     2022 жылғы 17 маусымда Абай гүлзарында "KIDS BOOK FEST-2022" фестивалі аясында және балалар жылын қолдау мақсатында біздің кітапхана Алдар Көсе туралы Қазақ ертегілері мен Льюис Кэроллдың «Алиса в стране чудес» ертегісі желісімен біздің қымбатты оқырмандарымызбен Kitapquest өткізді. Оқырмандар және қала тұрғындары үшін таңдалған тақырыптар бойынша екі инсталляция дайындалды. Ашық ауада балалар ойындарға белсенді қатысып, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап берді. Балалар соңғы рет қандай кітапты оқығанымен бөлісіп, тапсырмаларды шешіп, Алиса туралы кітап беттерінен сұрақтарға жауап іздеді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

     2022 жылғы 17 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында Ақтөбе облысының 90 жылдық мерекесіне орай «Ақтөбе... Ақ адырлы Абыз дала» атты кітап көрмесін ұсынды.       Кітапхана қызметкерлері арайлы Ақтөбе қаласының кешегі тарихи болмысы мен бүгінгі ажары туралы баяндады.
     Оқырмандар назарына өркенді өңіріміздің шежіресінен, облысымыздағы аудандар тарихынан сыр шертетін тарихи-танымдық, мәдени-әлеуметтік тұтас ақпарат беретін энциклопедиялар мен қатар жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары ұсынылды.

     «Желкен» әдеби клубының мүшелері Ақтөбе қаласына арналған тебіреніске толы өлеңдер оқыды.

1

2

3

4

5

6

7