Новости
2022 жылғы 17қазан күні «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» атты шара өтті
- Подробности
- 10
2022 жылғы 17қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 8 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының қатысуымен экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» шарасын өткізді.
Оқушылар табиғат әлеміне саяхат жасап, мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтардың шешімін тапты. Қадыр Мырза Әлидің «Күздің ұзақ жауыны», Ұлықбек Естаулеттің «Табиғат пен ақын» өлеңдерін оқыды. «Жеріңді аяла, адамзат!» атты көрмесі ұсынылды.





2022 жылы 30 қыркүйекте «Атқа қонған арулар» атты тарих сағаты өтті
- Подробности
- 14
2022 жылы 30 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ұлы дала қыздары» жобасы аясында, ел тарихында айрықша із қалдырған, әрі ана, әрі дана болған ұлы аналарымызды насихаттау мақсатында № 31 орта мектебінде «Атқа қонған арулар» атты тарих сағатын өткізді.
Шара барысында сан ғасырлық жылдар өтсе де, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, қилы кезеңдерде ерен ерліктерімен тарих төрінен орын алған Әбілқайыр ханның ақылды жары – Бопай, Тархан тама Есет Көкіұлының батыр қызы Ботакөз, әулие Есет Көтібарұлының ақындығымен көзге түскен келіні Таразы туралы айтылды.
Шараға «Шолпы» қыз балалар клубының мүшелері белсене қатысты.
Оқырмандар назарына «Мәңгілік өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер» атты кітап көрмесін ұсынды.






2022 жылғы 29 қыркүйекте «Қайыңдай қайсар қарттарым» атты шара өтті
- Подробности
- 10
2022 жылғы 29 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Халықаралық қарттар күні қарсаңында үлкенге деген құрмет көрсетіп, еңбек ардагерлерінің жүрген жолын өнеге, үлгі ете отырып, жас жеткіншектерді үлкенді қадірлей білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Қайыңдай қайсар қарттарым» атты шара ұйымдастырды.
Құрмет пен мейірім мерекесіне өз бақытын еңбегімен тапқан еңбек ардагері, мәдениеттанушы Жақсылық Сұлтанұлы және кітапхананың құрметті ардагерлері Нәзира Ідірісқызы Ғизатова, Раиса Төленқызы Қомпақова, Айнагүл Жәкешқызы Қимағамбетова, Жансұлу Сұлтанқызы Сұлтанова, Гүлайым Қойбағарқызы Оразмағамбетова және кітапхана саласының ұлағатты ұстазы Айжан Мұсағалиқызы Сарбаева қатысты. Кітапхананың өнерлі оқырмандары мерекелік-сазды бағдарламасын ұсынды.






2022 жылғы 26 қыркүйек күні «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты онлайн-конференция өтті
- Подробности
- 8
2022 жылғы 26 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы оқырмандарға қазақтың әйгілі жазушысы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты онлайн-конференция өткізілді.
Шараға «Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей-кешенінің жетекшісі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков, Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының Ұлттық және шетел әдебиеті бөлімінің жетекшісі Айнагүл Әбілқызы Секренова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлнар Сәдуақасқызы Обаева қатысып, жазушы қаламынан шыққан қайталанбас дара да, әсерлі шығармалары мен сұлулық пен ізгілікке құштар. өмірінің ерекше бір кезеңдері жөнінде және оның басты мұраты ұлт рухының өлмеуі болғандығы әңгімеге алтын арқау етіп алынды.
Оқырмандар жазушы шығармаларынан орын алған кейіпкерлер өмірі туралы сауалдарын қойып, жазушының шығармашылық зертханасының қыр-сырын түсінді.






2022 жылғы 23 қыркүйек күні «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында...
- Подробности
- 10
2022 жылғы 23 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы кітапхана «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап – ғажайып, сырлы әлем!» Кітап мерекесін өткізді.
«Зеңбірік» ескерткіші алаңында өткен мерекеге мектепке дейінгі ұйымдардың балалары белсенді қатысты. «Жидек» бала бақшасының бүлдіршіндері «Бидай дәні» ертегісіне көрініс көрсетіп, жырдан шашу шашты.
Балалар «Көңілді көжек» ертегісін тыңдап, әдеби ойындарға қатысты.
«Ертегі әлемінде» кітап көрмесі жасақталып, журнал-crossing ұйымдастырылды.











2022 жылғы 21 қыркүйек күні жоба аясынды жергілікті қаламгерлермен кездесу кеш өтті
- Подробности
- 10
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап. Тұлға. Рух» жобасы жүзеге асырылып, оқырмандардың рухани дамуына мүмкіндіктер беруде.
Жобаның мақсаты – балалардың оқу мәдениетін арттыру; адамгершілік, рухани, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; балаларға үлгі болатын облыстың танымал, жетістікке жеткен тұлғаларымен (жазушы, кәсіпкер, спортсмен, суретші, әнші және т.б.) таныстыру.
2022 жылғы 21 қыркүйек күні жоба аясынды жергілікті қаламгерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шараға ақын, журналист, өнер зарттеушісі Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов, детектив жанрын дамытушы, аудармашы, баспасөз қызметінің үздігі Зияш Қалиқызы Телеуова және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жас ақындардың жанашыры, ақын Гүлімай Әбішқызы қатысып, тағылымды әңгімелерін айтып, балалардың білім көкжиегін кеңейтсе, жазушылық қолтаңбасы бір-біріне мүлде ұқсамайтын, әрқайсысы әр түрлі мектептің мықты өкілі болып саналатын ақтөбелік қаламгерлермен жүзбе-жүз сұхбаттасудың сәті түскенде оқырмандар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, еркін сұқбаттасты.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері қаламгерлердің шығармаларын оқып, кітап оқудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.













.png)
