



Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне арналған апталық аясындағы «Кітапхана түні» акциясында балалар жазушысы әрі ақын Қастек Баянбайдың туғанына 90 жыл толуына орай «Бір үйде төртеу тұрамыз: Өзім, Ар, Шындық, Арман» poetry time өткізді.
№37 орта мектеп оқушылары мен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің шәкірттері және іс-шараға келуші оқырмандар қазақ балалар әдебиетінде өзіндік орны бар жазушының өмір жолы және шығармашылығымен танысты. Ақынның жұмбақтарын шешіп, жаңылтпаштарын жатқа айтып, өзара сайысқа түсті.
Сондай-ақ, қатысушылар төрт топқа бөлініп, ақынның «Бір үйде төртеу тұрамыз: «Өзім, Ар, Шындық және Арман» атты өлеңін талдап, оның мән-мағынасын ашты.
Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің шәкірттері: Серікбаева Зере, Болат Сандуғаш, Сатубалдин Мансұр, Кенжегалиев Саид ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге поэзиялық көңіл-күй сыйлады.
Оқырмандарға «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі таныстырылып, белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.




.png)
