«Әдеби кемпірқосақ» кітап көрмесі

9bc5b155 9c90 429e 86e6 5efc9f3e28fda921d2dc 024d 4956 bf60 10bfb81cf07d0cef774e 43b1 4399 afa4 d6af3f9ab307

 

Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған апталықтың ашылу салтанатында оқырмандар назарына «Әдеби кемпірқосақ» атты мазмұнды кітап көрмесінің таныстырылымы ұсынылды.

Кітап пен оқырман арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталған, әдебиет пен мәдениетті ұлықтайтын, оқырман қауымды ортақ рухани кеңістікке тоғыстыруды мақсат еткен кітап апталығының ашылуындағы бұл көрме кітапхана қорындағы түрлі жанрдағы әдебиеттерді таныстырумен қатар, келушілерге өз талғамына сай туындыларды таңдауға мүмкіндік берді. Көрмедегі әр кітап сөресі кемпірқосақтың бояуларындай әртүрлі жанр мен мазмұнды біріктіріп, оқырманды   рухани әлемнің сан қырлы бояуымен қауыштырды.

Сонымен қатар оқырмандарға әдеби ойындар, викториналық сұрақтар, қызықты квиздер мен кітап кейіпкерлерін тану тапсырмалары ұйымдастырылды. Апталық аясында әр күнге жоспарланған іс-шаралар мазмұны таныстырылып, оқырмандар апталық бағдарламасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.