2026 жылдың 2 сәуірінде №56 жалпы білім беретін орта мектебінде «Халықаралық балалар кітабы күніне» орай «Балалар жазушыларымен танысу» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Шараның мақсаты – 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күнінің мәнін ұғындыру, қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын-жазушылармен таныстыру.
Шара барысында оқушыларға әйгілі дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсен туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, оның шығармалары таныстырылды. Сонымен қатар «Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ жазушылары Бердібек Соқпақбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Сапарғали Бегалин, Қадыр Мырза Әлі шығармалары насихатталды.
Балалардың зеректігі мен білімін тексеру мақсатында «Ұлттық кітап қазынасы» монополиялық үстел үсті ойыны ойнатылып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар кітапхананың арнайы мақтау қағазымен марапатталды.





.png)
