«Адал еңбек, алғыр ой – анық досың!»

c4ef6367 a03b 4d7c 8ff0 7e68547dbfb0c8fc235a fccd 4924 803e c52358b29cf3

2026 жылғы 13 қаңтарда Н.Байғанин атындағы облыстық кітапханасы №11 гимназия-мектептің оқушыларымен бірлесіп, оқырмандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізі ретінде адал еңбек, алғыр ой, әділдік пен жеке жауапкершілік құндылықтарын түсінуін қалыптастыру мақсатында «Адал еңбек, алғыр ой – анық досың!» тақырыбында пікір алмасу шарасын өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, адалдық пен жауапкершілік туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Оқушылар жағдаяттармен жұмыс істеуге белсенді қатысып, әртүрлі жағдайларда адалдықтың қай жерде бұзылатынын анықтап, мәселеден адал жолмен шығудың тиімді шешімдерін ұсынуға тырысты. «Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қой!» ұрандарын оқу, еңбек туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру, «Табысты адамның портреті» атты командалық жұмыс арқылы адал еңбектің табысқа жеткізетін негізгі қасиеттерін айқындады.

Сонымен қатар оқырмандар назарына «Адал еңбек пен ақыл жеңеді» атты кітап көрмесі ұсынылып, көркем әдебиет кейіпкерлерінің іс-әрекеттері талданып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы таныстырылды.